Бір досым бар - мені сөгіп күндейді, Бір досым бар - мені сырттай жөндейді. Бір досым бар - ештеңеден тайсалмай, Емін жарқын, аман - есен жүр дейді. Бір досым бар - мені ылғи сөгеді, Бір досым бар - зарын маған төгеді. Бір досым бар - ылғи мені қорғаштап, Бір мен үшін қажет болса өледі. Бір досым бар - сырын маған айтады, Бір досым бар - сөзі маған батады. Бір досым бар - оның берген кеңесі, Көңілімнен əркез шығып жатады. Бір досым бар - есімімді мақтаған, Бір досым бар - дос болса да жат маған. Бір досым бар - көтеретін көңілді, Соны көрсем қуаныштан шаттанам. Бір досым бар - үмітімді жалғайтын, Бір досым бар - сəлемімді алмайтын. Бір досым бар - білсең айтшы дегенде, Білсе - дағы білмеймін деп алдайтын. Бір досым бар - қиындықтан қашпайды, Бір досым бар - барсам есік ашпайды. Бір досым бар - қолда барын ұсынып, Мейірімді бір өсіріп тастайды. Бір досым бар - тату- тəтті бəрімен, Бір досым бар - жүрші дейді əрімен. Бір досым бар - ақыл қосар əр кезде, Дос дегенің жақсы екен ғой бəрінен!!!

Теги других блогов: поэзия дружба көңілді